Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты
Соның арқасында қылмыс көрсеткіші төмендеген
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауылдың бірі. Өйткені, мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Аталған ауылдық округке 1700-ге жуық адамы бар Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары да кіреді. Бұл ауылдарда үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылмақ. Бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдаған. Мұндай шешімді тұрғындар жас ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдаған. Нәтижесі де бар. Мәселен, бұл бастама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың алдын алды.
Бірақ бұл жерде учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысы да маңызды рөл атқарады.
Учаскелік инспектор Сағынғали Саламатов 5 жылдан бері Ұ.Сыздықбаев ауылында тұрады.