Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкери қызметкерлерді мерекесімен құттықтады

Аймақтағы 28 әскери бөлімде 17 мыңға жуық әскери қызметкер жұмыс істейді

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Таразда салтанатты жиын өтті. "Баласағұн" орталық концерт залындағы шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.

Сондай-ақ облыс әкімі Жамбыл облысының әскери қызметшілері су тасқынымен күресіп жатқан аймақтарда абыройлы қызмет етіп жатқанын тілге тиек етіп, барша Отан қорғаушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. Мерекелік жиынның соңы концертке ұласты.