Жамбыл жаңалықтар

Жамбыл облысының әкімі тойға қатысты пікір білдірді

Әкімдік той мәселесі бойынша сараптама жүргізген

Орталық коммуникациялар алаңындағы брифингте журналистер сұрағына жауап берген Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев той туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ербол Қарашөкеевтің сөзінше, Тараз қаласы бойынша әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері 25 мың адам тойға барады. Бұл мәселе аясында асабалармен жиын өткізіліп, нақты ережелер де әзірленген.