Жамбыл облысының прокуратурасы жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелерін талқылады
Жамбыл облысы прокуратурасының алқа мәжілісінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мәселелері қаралды, деп хабарлайды jambylinfo.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Облыс прокуроры кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың және балалар қылмыскерлігінің алдын алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың, полиция және білім беру органдарының жұмысындағы жүйелі кемшіліктер мен өзара іс-қимылдың жоқтығын атап өтті.
Облыс прокуроры тұрмысы қолайсыз отбасылармен, полиция органдарында есепте тұрған адамдармен жұмысты күшейту, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайдағы балаларға сапалы әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету қажет екенін алға тартты.
Сондай-ақ учаскелік және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция қызметкерлерінің жұмысын бағалау критерийлерін қалыптастыру мәселесі қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша полиция, білім және әкімдік бөлімшелерінің басшыларын жауапкершілікке тарту бойынша қадағалау актілері енгізілді.