Жамбыл облысының шекараларында есірткі транзитіне қарсы күрес күшейді
Қазір облыстың шекара маңындағы аумақтары ерекше бақылауда
Республикалық "Қарасора" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жамбылдық полицейлер есірткінің трансұлттық транзиті мен есірткі бизнесіне қарсы күресте күш құрылымдарымен өзара ынтымақтастықты күшейтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Есірткінің жеткізілу және транзит арналарын анықтау мақсатында шекара маңындағы аумақтардағы жағдайға ерекше назар аударылады.
Қызметтік иттердің көмегімен қызметкерлер шекарадағы көліктер мен тауарларды тексереді. Полицейлер мұндай жұмысты жыл сайын жүргізеді. Өткен жылы 65 жастағы әйел ұсталды, ол шекара арқылы 700 грамм героинді тасымалдамақ болған. Сот шешімімен ол 13 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылған болатын.