Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа 2,5 млн теңгесін аударған
Жамбыл облысының тұрғыны алаяққа 2,5 млн теңгесін аударған
Жамбылдық полицейлер ірі алаяқтық дерегін ашты. Қызылордада тұрғынның 2 млн теңгесін иемденіп кеткен алаяқ ұсталды Жамбыл облысында жыл басынан бері 6 дала өрті тіркелді Жамбыл облысында вакцина үйде салына бастады Қазақстанда лицензияланбаған компаниялардың тізбесі жариялады Полиция қызметкерлері азаматтың сеніміне кіріп, одан ірі көлемде ақша алғаны үшін Байзақ ауданының 24 жастағы азаматшасын ұстады. Тергеу барысында қаскүнемнің құрбаны Тараз қаласының 31 жастағы (ер адам) тұрғыны екені анықталды. Ол алаяққа балаларды емдеуге жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам ақша қаражатын аударған. «Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың құрбаны болған басқа адамдарды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде»,-делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.