Жамбыл және Түркістан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді
26 желтоқсан сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі автожолдарда жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жамбыл облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 534-593 шақырым аралығы (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін).
Түркістан облысы:
- «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 593-654 шақырым аралығы (Жамбыл облысының шекарасынан Машат ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 26 желтоқсан сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.