Жамбылда 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды
Бұл қаржыға сумен жабдықтау обьектісі салынбақ болған
Жамбылда 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күші жойылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратураның дерегінше, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды талдау шеңберінде мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталған. Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәліметтер берген.
Ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне салып, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған.