Жамбылда 385 түлек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болды
Жалпы, Қазақстанда 7420 бала «Алтын белгі» иегері атанған
Жамбыл облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша облыста 385 түлек «Алтын белгі» төс белгісіне ие болса, 810 мектеп бітіруші үздік аттестат иегері атанып отыр, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, Жамбыл облысы бойынша 12 121 бала 11-сыныпты аяқтаған. Түлектер арасындағы қорытынды аттестаттау 28 мамыр-11 маусым аралығында өткен.
Айта кетейік, биыл аймақ бойынша 22 867 оқушы 9-сыныпты аяқтаған. Олардың арасында 1554 оқушы үздік аттестат иегері атанып отыр.
Әлия Жанәбіл