Жамбылда 600 қап алтыны бар шикізатты ұрлаған қылмыскерлер ұсталды
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды
Ішкі істер министрлігі алтын ұрлаумен және заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қою бойынша шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Polisia.kz жазуынша, биыл бірқатар өңірде құрамында алтыны бар материалды қайта өңдеу бойынша 19 заңсыз цех жойылып, ондаған тонна кен тәркіленді.