Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда ауыр халде түскен қыз балаға шұғыл көмек көрсетілді

Бала денсаулығы - МӘМС жүйесінің қорғауында

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына шұғыл түрде 5 жастағы қыз бала жеткізілді. Бала ішінің қатты ауырып, үздіксіз құсқан.

 Орталықтың дәрігерлері жедел түрде зертханалық тексеру жүргізіп, жедел соқырішек (аппендицит) диагнозын қойды.

Балалар хирургі Хожимурод Омаров шұғыл ота жасады.

Бала анасы Диана Алиева қызының қазіргі жағдайы жақсы екенін айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі балалар — міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі жеңілдік санаттарының бірі ретінде мемлекет есебінен сақтандырылған.