Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда достарымен қыдырып, 25 күн бойы жұмысына келмеген әскери жазаланды

Ол бұл ісі үшін сот алдында өкініш білдірген

Жамбылда достарымен Ресейге қыдырып барып, 25 күн бойы жұмысына келмеген әскери жазаланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыстық соттың дерегінше, әскери қызметші еңбек демалысынан кейін жұмысқа шықпаған, ешкімге ескертпей, 25 күн бойы қызметіне келмеген. Сотта ол өзінің кінәсін мойындап, шынайы өкініш білдірді. Еңбек демалысынан кейін достарымен бірге РФ-қа қыдырып барғанын, сондықтан уақытылы келе алмағындығын жеткізген. Бұл үшін заңда әкімшілік қамаққа алу көзделген екен.