Жамбылда «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді
Шара 30 мамырға жоспарланған
2024 жылғы 30 мамыр күні Қазақстан Республикасының барлық қалаларында «Халық заңгері» ауқымды жалпы республикалық акциясы өтеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысының тұрғындары үшін де заңгерлердің тегін консультациялары ұйымдастырылады.
Заңгер, адвокат пен мемлекеттік орган өкілдері сіздің барлық сұрақтарыңызға жауап беріп, білікті ұсыныстар айтып, заң тұрғысынан көмектеспек.
Акция Тараз қаласы, Төле би даңғылы 27 мекен-жайында, сағат 17:00-де өтеді.