Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда инвестиция көлемін 702 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда

Көрсеткіш жыл соңына дейін орындалады

Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің айтуынша, аймақта 228,5 млрд теңгеге 19 жоба жүзеге асырылуда. Мұның нәтижесінде 1432 жаңа жұмыс орнын құру көзделген.

Бүгінгі күні облыстың инвестициялық қоржыны жалпы құны 2,5 трлн теңгелік 70 жобаны құрайды. Оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асқан 1,8 трлн теңгені құрайтын 13 жоба бар.