Жамбылда көлігінің мемлекеттік нөмірін қағазбен жапқан жүргізуші ұсталды
Тексеру нәтижесінде жүргізушінің Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды.
Жамбыл ауданы аумағындағы "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінің өрескел бұзылуын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол жоғары жылдамдықпен қозғалу кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалмау мақсатында мемлекеттік нөмірін әдейі жапқанын мойындады.
Жамбыл облысы полиция департаменті 19 наурыздан бастап өңір аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілетінін хабарлады. Іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң талаптарының сақталуын бақылау күшейтілетіні ескертілді.