Жамбылда мыңға жуық мопед пен скутер жүргізушілері жауапқа тартылды
Таразда қос доңғалақты көлікті мінетіндер көбейген
Жамбылда тәртіп сақшылары екі дөңгелекті көлік құралдарын қауіпсіз жүргізу және олардың жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Полиция қызметкерлері қабылдаған шараларға қарамастан, мопед мінгендер жол қозғалысы ережелерін бұзуды жалғастырып, жол апаттарына әкеп соғуда. Апаттылықты азайту мақсатында полицейлер мопедтер мен электрлік скутерлердің қатысуымен ЖКО жиі болатын облыс орталығының көшелері мен қала сыртындағы трассаларды қарқынды түрде патрульдеуде.