Жамбылда пробация есебіндегі 98 тұлға шектеулерді сақтамағаны үшін сотталды
Оның бірқатары қылмыс жасап үлгерген
Жамбыл облысының прокуратурасы «Сотталғандардың өңірдегі криминализацияға әсерін төмендету» жобасын іске асыру барысында облыс бойынша ҚАЖД-нің пробация қызметімен пробациялық бақылау жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Деректерге сүйенсек, пробация қызметтері мен ішкі істер органдары арасында жеткіліксіз өзара әрекеттестік, сондай-ақ, ауыр бұзушылардың жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы сотқа уақтылы ұсыныстарды жолдамау фактілері анықталған
Жалпы, ағымдағы жылдың басынан бастап белгіленген сот шектеулерін бұзғаны үшін 98 азамат бас бостандығынан айырылған.