Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда профилактикалық шара аясында 2 күнде 5 қылмыс ашылды

«Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасына 310 полиция қатысты

Жамбыл облысында «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 18-20 қараша аралығында Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес республикалық «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бұл шара мал ұрлығын болдырмау, құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға облыс бойынша 310 полиция қызметкері тартылып, алғашқы екі күнінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.

Профилактикалық шара барысында бұрын жасалған 5 мал ұрлығы қылмысы ашылды, оның ішінде 3 дерек өткен жылдар санатына жатады.

Сондай-ақ, тәулік ішінде 2 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың ізі суымай ашылды.