Жамбылда прокурорлар «Қазфосфаттың» артық төлеген 1,9 млрд теңге салығын қайтарып берді
Прокурорлар инвестор шағымын қанағаттандырды
Прокурорлық ықпал ету шаралары арқылы облыстағы ірі инвестор «Казфосфат» ЖШС-не табиғатқа эмиссия салығының артық төленген сомасын қайтаруға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Прокуратура дерегінше, қауіпті және қауіпті емес қалдықтарды көму үшін жергілікті атқарушы органдар тарифтік мөлшерлемені бекітеді. Алайда Тараз қаласында мөлшерлеме бекітілмей, серіктестіктен 2022 жылдың 1 қаңтары мен 2023 жылдың 9 ақпаны аралығында төлемдер тұрақты түрде алынып отырған. Кейін анықталғандай, төлемдер нормадан асып, кәсіпорын 1,9 млрд теңгені артық төлеген.
Дегенмен Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы инвесторға салықтың тиісті түрі бойынша алдыңғы төлемдерге артық төленген соманы қайтарудан және есепке алудан негізсіз және бірнеше рет бас тартқан.