Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда үш күнде жол ережесі 1400 мәрте бұзылған

Жамбылда үш күнде жол ережесі 1400 мәрте бұзылған

Жамбыл облысында үш күндік «Назар аударыңыз, балалар» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Аталмыш іс-шараға 145-ке жуық мүдделі орган мен 40 үкіметтік емес ұйым жұмылдырылған. Атап айтқанда облыс аумағында көше-жол желісіне жақын жерде барлығы 450 оқу орны орналасқан. Жедел алдын алу шарасы кезінде жергілікті атқарушы органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға 91 ұйғарым берілді. 107 жол белгісі ауыстырылды және орнатылған. 16 жаяу жүргінші жолы жайластырылып, 510 метр тротуар, 32 метр жасанды жарықтандыру салынды және 217 жасанды кедір-бұдыр орнатылды. 100-ден астам бала мен 56 ата-ананың қатысуымен 81 онлайн сабақ өткізілді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1390 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 234 бала мен олардың 102 заңды өкілінің қатысуымен 336 онлайн сабақ өткізді.