Жамбылда әскери міндетін атқарып жүріп комаға түскен сарбаз есін жиды
Ол ауруханаға "полисегментті пневмония" диагнозымен жеткізілген болатын
Отарда мерзімді әскери қызмет атқарып жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз оянды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының Қордай ауданында қызмет өткеріп жатқан мерзімді әскери қызметтегі сарбаз ауруханаға түскені және жағдайының ауыр екендігі хабарланған болатын. Ал, әлеуметтік желіде сарбаздың өгей әкесі Тимур Жаналин бүгінгі күні баласының оянғанын айтты. Сондай-ақ, ол қиын кезеңде қолдау көрсеткен дәрігерлерге және халыққа алғысын білдірді.