Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда ветеринарлар жалған құжат жасап, малға екпені қағаз жүзінде жүргізген

Жамбылда ветеринарлар жалған құжат жасап, малға екпені қағаз жүзінде жүргізген

Мамандар соңғы екі жылда екпе жұмыстарын тек қағаз жүзінде жүргізген. Ал негізінде төрт түліктің басым көпшілігіне вакцина салынбаған.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері кейбір мал дәрігерлерінің дипломсыз жұмыс істеп келгенін де анықтады. Жетітөбе селолық округіндегі ветеринарлық пунктке жоғары білімі жоқ адамды басшы етіп тағайындаған. Сондай-ақ бұл салада ешқандай тәжірибесі жоқ маманды жетекші жұмыстарға бекіткені белгілі болды. Қазір бұл азаматтар атқарып отырған қызметтерінен босатылып, ветеринарлық станция басшысы әкімшілік жауапқа тартылды, – деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл департаментінің бас маманы Қайрат Ақмұрзаев.