Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы №58 мекемеде кең ауқымды тазалық жұмыстары өтті

Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – жұмыс орнын таза ұстай отырып, қызметтік тәртіп пен мәдениеттілікті арттыру.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №58 мекемесінде санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шара барысында мекеме қызметкерлері аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, күл-қоқысты жинады. Белгіленген тәртіп бойынша өткен шараға ұжым мүшелері белсенді қатысып, аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты.

Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – жұмыс орнын таза ұстай отырып, қызметтік тәртіп пен мәдениеттілікті арттыру. Бұл қадам қызметкерлер арасындағы ұйымшылдықты нығайтып, кәсіби жауапкершілікті көтеруге ықпал етпек.

Жалпы, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің барлық түзеу мекемелерінде тазалық пен тәртіпке ерекше мән беріледі. Өйткені мекеме аумағының санитарлық жағдайы – ішкі тәртіп пен басқару сапасының айнасы.

ҚАЖ қызметкерлері мұндай игі бастамаларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыруды көздеп отыр.