Жамбылдағы №58 мекемеде жеке құрамға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Аталған іс-шара “Заң және тәртіп” қағидаттарын іске асыру аясында өткізіліп, жеке құрам арасында заңдылықты сақтау, адал қызмет ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемеде жеке құрам арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік тобының аға жедел уәкілі, әділет майоры Аят Бахытжанұлы Тұрсынбеков және осы топтың жедел уәкілі, әділет аға лейтенанты Бағжан Нұрсұлтанұлы Айнакулов қатысып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, олардың құқықтық салдары, қызметкерлердің жауапкершілігі туралы айтылып, заң талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі атап өтілді. Сонымен қатар тұрғын үй төлемақысының тәртібі, оны тағайындау шарттары және қажетті құжаттар жөнінде толық ақпарат берілді.