Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы «Ақсай» каналындағы су реттегіш 20 жылдан кейін тазаланды

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жамбыл облысындағы «Қазсушар» РМК филиалы Жуалы ауданындағы «Ақсай» каналындағы су реттегішті соңғы 20 жылдан кейін алғаш рет тазалады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тәуліктік су реттегіштің сыйымдылығы 60 мың текше метр және 2000 гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етеді. Тазалау жұмыстарына 3 арнайы техника жұмылдырылып, шамамен 3 мың текше метр құм мен қиыршық тас шығарылды.

«Ақсай» каналы 75 шаруа қожалығының егістік алқаптарын суармалы сумен қамтамасыз етеді. Негізінен мұнда картоп, көпжылдық шөптер, көкөніс және дәнді дақылдар өсіріледі.