Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы сиреналардың 21 пайызы ғана жұмыс істейді

Облыста жалпы 119 құлақтандыру құралы бар

Прокуратураның тексеруімен азаматтық қорғау күштерін жасақтау, эвакуациялық пункттердің дайындығы, сондай-ақ халықты хабардар ету жүйелері мәселелерінде бірқатар заң бұзу фактілері анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Прокуратура берген деректерге сүйенсек,  облыста төтенше жағдай кезінде халықты эвакуациялық пункттермен қамтамасыз ету ісі дұрыс жолға қойылмаған. Сонымен қатар халықты құлақтандыру мақсатында облыста тек 119 сирена немесе жалпы қажеттіліктің 21%-ы ғана жұмыс істейді. 7 коммуналдық су қоймасында құлақтандыру жүйесі жоқ.

10 мыңнан астам адам су тасқыны қаупі бар жерлерде тұрады

Су тасқыны қаупінің алдын алу мәселелерінде прокурорлар су объектілеріне тікелей жақын орналасқан 500-ден астам объектіні анықтады, олардың кейбірінде су басу қаупі сақталады. Мәселен, 6 тұрғын алабы орналасқан Аса өзенінің бойында пайдалы қазбалар өндіріледі, бұл су шаруашылығы қызметінің режимін бұзып, ал бұл өз кезегінде өзеннің шайылып кету қаупін тудырды. Талас өзенінің бойында елді мекендерге жақын жерде ықтимал қауіпті учаскелер анықталды.Облыстың 5 ауданында ақпарат алмасу болмағындықтан, су қоймалары толып кетуі мүмкін. 

Осы ретте, Жамбыл облысының прокуроры өрт сөндіру бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту қажеттігін атап өтті. Тексеру облыста өрт қаупі бар бес жүзден астам нысан бар екеніне қарамастан, өңірде бөлімшелер жеткілікті түрде жарақтандырылмаған. Өңірдегі әрбір бесінші өрт тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережесін білмеуінен шығады, яғни, бұл ескерту және түсіндіру жұмыстарын күшейтуді талап етеді. 2023 жылы дала және орман алқаптарында 50-ден астам өрт пен өрттің тіркелуіне қарамастан, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша облыс прокуроры өзара іс-қимыл мен профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыруды ұсынып, азаматтық қорғау жүйесін толықтыру, сондай-ақ профилактикалық шаралар кешенін іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.