Жамбыл жаңалықтар

Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалған тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

Жамбылдағы жарылыстан күйіп қалған тағы бір әскери ауруханада көз жұмды

Жамбыл облысында болған жарылыстан жарақат алған капитан ауруханада қайтыс болды. Қорғаныс министрлігі таратқан мәліметке сенсек, 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаты салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметшісі, 1983 жылы туған капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды. Ол оқ-дәрі сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болды. Қорғаныс министрлігі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.