Жамбылда қылмыс деңгейі төмендеп келеді
Жамбылда қылмыс деңгейі төмендеп келеді
Жамбыл облысында тәртіп сақшыларының тыңғылықты әрі тиянақты жұмысы арқасында түрлі қылмыстық істердің көрсеткіші төмендеді. ӨКҚ алаңында болған баспасөз брифингі барысында Жамбыл облысының ПД бастығы Жанат Сүлейменов осылай деді.
«Халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделі шеңберінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру" тақырыбында өткен брифнге соңғы 10 айдағы аймақтағы ахуал айтылды. Өңірдің бас полицейі Жамбылда 10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыс деңгейі республика бойынша ең төменгі көрсеткіш 54 пайызды құрағанын айтып өтті. Ал, ел аумағында орташа көрсеткіш 88 пайызды құрайды. Жамбылда жол апатының жиілеуіне жол бермеу басты назарда. Осы бағытта жүргізілген жұмыстар нәтижесінде облыста жол көлік оқиғалары 27 пайызға азайған. Брифнгте қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы қылмысқа жол бермеу жағы сұралды. Бұл бағытта облыс орталығында көп пәтерлі 180 тұрғын үйдің ауласына 2 280 камера орнатылыпты.