Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда жас балаларды заңсыз жұмысқа алған кәсіпкерлер анықталды

Жамбылда жас балаларды заңсыз жұмысқа алған кәсіпкерлер анықталды

Жамбылдық полицейлер балалардың еңбегін заңсыз пайдалану дерегін анықтады Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үйден тыс жерде болу деректерінің жолын кесу, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын сату мақсатында Жамбыл облысының аумағында «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Оның барысында ювеналды полиция инспекторлары 14 нысанды (саяжай, шаруа қожалығы, үйлердің жертөлелері, вокзалдар, ойын-сауық мекемелері) тексерді. Сондай-ақ аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, ойын-сауық орындарында рейд жүрді. Нәтижесінде 3 күн ішінде полиция бөліміне кәмелетке толмаған 326 бала жеткізілді. Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды: – алкоголь өнімін 21 жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін - 10 жеке кәсіпкер – 18 жасқа толмаған тұлғаларға темекі өнімдерін сатқаны үшін- 1 – кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемесіне жібергені үшін-21. 29 ата-ана жасөспірімдердің түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін жүргені үшін жауапкершілікке тартылды. - Бұдан басқа, оқудан жалтарған және сабаққа қатыспайтын 20 жасөспірім анықталды, оның 18-і оқуға қайтарылды, қалған оқушыларға қатысты шаралар қабылдануда. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері балалар еңбегін пайдаланудың 2 дерегін анықтады. Олар бойынша құжаттар Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасына жолданды,-деп хабарлады Жамбыл облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Рахымберді Әшкеев.