Жамбылдық полицейлер жүргізушілерге «шок терапия» өткізіп берді
Жыл басынан бері Жамбыл облысының аумағында 449 жол апаты тіркелген
2024 жылдың басынан бері Жамбыл облысында 449 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан 51 адам қаза тапқан. Тағы 694 адам түрлі деңгейде жарақат алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, статистикалық зерттеу жол апаттарының 97 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болатынын көрсеткен.
Осылайша, полиция автокөлік иелерін көлік жүргізу кезінде сергек болуға шақырған.