Жамбылдық ұстаздар марапатталды
Бірнеше номинация бойынша үздіктер қаржылай сертификатқа ие болды
Бүгін Баласағұн орталық концерт залында Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мерекелік жиын білім саласындағы жетістіктер туралы бейнеролик пен А. Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры әртістерінің қойылымымен ашылды.
Бұдан соң шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Салтанатты шарада білім беру жүйесін дамытудағы, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетістіктері үшін бірқатар мұғалімге «Еңбек ардагері» медалі, «Ы. Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.
Бұдан бөлек, бірнеше номинация бойынша үздіктер қаржылай сертификатқа ие болды.
Шара соңы К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының әртістері және өнерлі ұстаздар мен оқушылардың концерттік бағдарламасына ұласты.