Жамбылдық тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған балаларға жедел көмек көрсетті
Балалар мен олардың әжесі полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі мен қамқорлығы үшін шынайы алғыстарын білдірді
Жамбылдық тәртіп сақышалары кәмелетке толмаған балаларға жедел көмек көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тараз қаласында қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған екі оқушының біреуі ұялы телефонын ұмытып, қалдырып кетеді.
Не істерін білмеген балалар жақын маңда жүрген патрульдік полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды.
Полиция қызметкерлері жағдайды бірден назарға алып, Жедел басқару орталығына хабарласып, қаладағы бейнебақылау камералары арқылы автобустың бағытын анықтайды.
Жедел әрі үйлесімді әрекеттің арқасында автобус дер кезінде тоқтатылып, жоғалған ұялы телефон табылды.
Қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, полиция қызметкерлері балалардың әжесін шақырып, ұялы телефонды заңды иесіне табыстады.