Жамбылдық жігіт өз үйінен анасының әшекейлерін ұрлап кеткен

Өйткені, әкесі сұраған қаржысын бермепті
Т.Рысқұлов ауданында полицейлер құны 1,8 млн теңгеден асатын алтын әшекейлерді ұрлаған 40 жастағы ер адамды анықтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тергеу барысында оның жәбірленушінің өз ұлы екені белгілі болған.
Күдікті қылмысын мойындаған. Тергеу жалғасуда.