Жайылымнан жылқы ұрлап, оны сойып сатқандар ұсталды
"Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында
Жамбыл облысында жайылымнан жылқы ұрлап, оларды сойып сатқан қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысы полиция қызметкерлері "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында қылмыстық топтың іс-әрекеттерін әшкереледі. Олардың алдын ала жоспар құрып Байзақ, Жамбыл аудандарының аумағындағы жайылымдардан бірнеше рет жылқы ұрлағандары анықталды. Қылмыстық топ ұрланған малды сойып, сатып отыр.