Жазда жасөспірімдер есірткі курьері болып кетуі мүмкін – полиция ата-аналарға ескерту жасады
Жыл басынан бері Жамбылда есірткі қойып кететін 12 адам ұсталды
Жамбыл облысының полиция департаменті ата-аналарға ескерту жасап, жазда балаларын бақылауда ұстауға шақырды. Себебі, жүгенсіз кеткен жасөспірім есірткі курьеріне айналып кетуі мүмкін, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Полиция департаменетінің дерегіне сүйенсек, жыл басынан бері есірткі сататын 201 сайт анықталған. Ал, олар жұмысшы ретінде тез және оңай ақша тапқысы келетін жастарды таңдайды екен.
Айта кетейік, 5 айда облыста есірткі қойып кететін 12 адам ұсталған, 1 келі 625 грамм синтетика тәркіленген. Бұл шамамен 4500 бір реттік доза.
"Жазғы демалыс кезінде оқушылар, студенттер мен қалаға қонаққа келген туыстар оңай жұмыс тауып, қосымша ақша тапқысы келеді. Ата-аналарды балалардың күмәнді немесе күрт өзгерген мінез-құлқына уақытында назар аударуға шақырамыз", - Бажықбаев тұрғындарға.
Тәртіп сақшысы есірткі тасушы жастар ақысын биткоин арқылы алатынын айтады. Сондықтан ата-аналар баласынан көп ақша байқаса, алайда ол ақшаның қалай пайда болғанын айтуды қаламайтын немесе түсіндіре алмайтын болса, онда назар аудару қажет.