Жамбыл жаңалықтар

Жамбылда егіс көлемі артты

The final spritzer

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары айтты

Мемлекет басшының бастамасымен 2022 жылы құрылған Ұлттық құрылтай қоғам бірлігін дамытатын маңызды алаңға айналды. Құрылтай дәстүрінің қайта жаңғыруы халықтың ерік-жігерін біріктіріп, мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселелерді шешуді көздейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығыме Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында да халық үшін маңызды, мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына қатысты мәселелер қарастырылды. Мәселен Қазақстанның ауылшаруашылығындағы әлеуеті зор екенін айтқан Мемлекет басшысы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланатын кез келгенін жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

«Еліміздің әуелгі мүмкіндіктеріне қарасақ, біз әлдеқашан әлемдегі алпауыт аграрлық мемлекеттің бірі болуға тиіс едік. Бірақ ауылшаруашылығына қажетті қаржы салынған жоқ. Оған қоса бұл салада жемқорлықпен айналысатын алаяқтар белең алды. Олардың ішінде мемлекеттік қызметшілер де болды. Жалған мәліметтердің кесірінен мемлекет қағаз жүзіндегі мал санына жылдар бойы субсидия төледі. Қазір қордаланған мәселенің бәрін шешіп, агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін көп жұмыс жасалып жатыр. Біз алдағы бес жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе көбейтіп, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есе арттыруымыз керек. Бұл – өте маңызды міндет» деген Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан 10 жыл ішінде бидайды терең өңдеп, дайын өнім өндіретін және оны әлемдік нарыққа шығаратын ең үздік он елдің қатарына қосылуға тиіс екенін айтты.

Бұл ретте аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысының ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне артылатын жауапкершілік жүгі салмақты. Жалпы Мемлекет басшысы әр жылғы Жолдауларында, маңызды жиындарда сөйлеген сөздерінде ауылшаруашылығы саласына баса назар аударып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына жаңа міндеттер қоюда. Президент тапсырмалары саланың дамуына тың серпін беріп, қордаланған мәселелер шешімін табуда. Мәселен облысымызда да соңғы бірнеше жылда асыраушы салада ауқымды жұмыстар атқарылып, жоғары нәтижелерге қол жеткізілді.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, 2024 жылы 488,5 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліпті. 647 мың тонна тәтті түбір жиналып, 597 мың тоннасы қант зауыттарына өткізілген.