«АЭС салынса, электр қуатына тапшылық болмайды» - басқарма басшысы
Өйткені, қазір әлемде жаңартылған энергия көздері тұрақты емес
Жамбыл облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы еліміздің энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін АЭС салу жалғыз дұрыс шешім екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғалым Исақовтың сөзінше, атом энергетикасы өнеркәсіп пен ел экономикасының дамуына елеулі ықпал етеді.
Ғалым Исабайұлының сөзінше, АЭС Алматы облысында салынатын болса, Жамбыл облысына тиімділігі көп. Әсіресе, алдын ала болжам бойынша 8-10 жыл құрылыс жұмысы жүретін станцияның мойынқұмдықтарға жұмыс орны бойынша біршама мүмкіндіктер ашады.