Жамбыл жаңалықтар

Жуалыда мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жаңа басшы тағайындалды

The final spritzer

Бұл туралы Жуалы ауданы әкімдігі мәлімдеді

Жуалы ауданы әкімінің 2025 жылғы 22 мамырдағы №173 өкімімен Жанабаев Нұржан Жандарбекұлы Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Нұржан Жандарбекұлы 1980 жылы 3 қыркүйекте Түркістан облысы, Төлеби ауданында дүниеге келген. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолы:

2001–2002 жж. – Оқу бөлімінің маманы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті.

2003–2004 жж. – 1 санатты маман, тәрбие жұмысы бөлімі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

2004–2005 жж. – Директор, ҚР Тоғызқұмалақ федерациясы.

2005–2007 жж. – Оқытушы, Балқаш гуманитарлық техникалық институты.

2007–2008 жж. – Ректор көмекшісі, кейін тәрбие сектор маманы, Балқаш гуманитарлық техникалық университеті.

2008 ж. – Менеджер, клинингті басқару бөлімі, «Южный Центр» ЖШС.

2009 ж. – 1 дәрежелі маман, Алматы көпсалалы техникалық-экономикалық колледжі.

2010–2012 жж. – Консультант, Жастар орталығы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы.

2011 ж. – Жетекші, «Жанабаевтар» жанұялық ансамблі.

2011–2012 жж. – Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы, Тәрбие бөлімі, Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті.

2012–2025 жж. – Сүйемелдеуші, «Жанабаев» отбасылық ансамблі.

2021–2022 жж. – Мұражай меңгерушісі, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры.

2022–2023 жж. – Меңгеруші, «Жамбылтану» бөлімі, Ш.Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы.

2023–2024 жж. – Әкімші, «Төрткүл керуен сарайы».

2024 ж. – Ұйымдастырушы, Тарихтану бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы.

2025 жылдың мамырынан бастап Жуалы ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.