Жуалыда жүк көлігіндегі өрт сөндірілді
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Жамбыл облысында жүк көлігіндегі өрт дер кезінде ауыздықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға өткен түнде Жуалы ауданында, «Алматы – Ташкент» халықаралық автожолының 554-шақырымында орын алды.
Тіркемесі бар жүк көлігінен өрт шыққаны туралы хабар Төтенше жағдайлар қызметіне түскен.
Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде жүк тиелген тіркемелердің бірін аман сақтап қалуға мүмкіндік туды.
Сондай-ақ, оттың өзге көліктерге немесе аумаққа таралуына жол берілген жоқ.
Қуанышқа орай, өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталуда.