Жуалылық жас асықшылар ауқымды турнирден жүлделі оралды
Аталған жарыс Түркістан облысында өткен
Жуалылық жас асықшылар ауқымды турнирден жүлделі оралды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарысқа 20-ға жуық команда қатысқан. Жуалы ауданының жас асықшылар командасы Түркістан облысында өткен ұлттық спортты дәріптейтін ашық турнирде күміс жүлдені жеңген.
Жамбылдық асықшылар турнир барысында ерекше шеберлік пен мықты командалық рухты көрсетіп, финалға дейін барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Финалдық тартысты ойында сәл сәттілік жетіспесе де, олардың көрсеткен өнері мен қайсарлығы жоғары бағаға лайық болды.