1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері артады
Ал ең төменгі жалақы көлемі өзгеріссіз қалады, ол қазір 85 мың теңге.
2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5%-ға индекстеледі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5%-ға индекстеледі.
Базалық зейнетақы мөлшері кезең-кезеңімен артады.
2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша 6 трлн теңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл биылмен салыстырғанда 12,5%-ға көп.
Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алады.
Сондай-ақ ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 2025 жылдан бастап 17%-ға көбейеді.