Жаңалықтар

«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды

Облыс әкімі ұстаздарға құрмет көрсетті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы  білім беру саласындағы елеулі жетістіктері үшін бірқатар педагогті марапаттады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.   

Кездесу барысында облыс әкімі  «Үздік педагог-2024» республикалық байқауының облыстық кезеңінің 6 жеңімпазына қаржылай сертификат (300 АЕК көлемінде) берілді. Ол 1 млн. 107 600 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, жиында 5 мұғалім «Жамбыл облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін» құрметті атағы мен төсбелгісінің иегері атанды. Олар да арнайы сертификатқа ие болды.

Жиналғандарға облыс әкімінің құттықтау хаты табыс етілді.