1 сәуір күні ауа-райы қандай болады
«Қазгидромет» ел аумағында 1 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
"Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. ҚР бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыста көктайғақ болады", - деп жазған хабарламада.
Ал оңтүстік өңірлерде күн ашық, ауа температурасы 12-15 градусқа дейін жылынады деген болжам бар.