1 сәуір - Құстар күні
1 сәуір - Құстар күні
1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді. Біздің еліміз де құстарға өте бай. Қазақстанда құстардың 500 - ге жуық түрі бар. Олардың күз айларындағы саны шамамен 18 - 20 миллионға жетеді. Бұл – үлкен байлық. Сондықтан да біз оларды қорғап, пайдалана білуіміз керек. Құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Ал құстардың эстетикалық мәні өз алдына бір төбе. Талай сазгерлер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Құстардың ұшу заңдылығын алғаш рет Леонардо да Винчи зерттеген екен. Содан бері көптеген авиаконструкторлар құстарды негізге алып, талай ұшақтар жасап шығарды емес пе?! Құстар — омыртқалы жануарлардың ішінде Жер шарында кеңінен таралған жануарлар. Құстарды дене құрылысына, тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі. Олар: 1. Қыртөссіздер (жүгіретін құстар); 2. Жүзетін құстар (пингвиндер); 3. Қыртөстілер (ұшатын құстар). Құс - табиғат, өмір көркі. Халық шебер әншісін бұлбұлға, ардақты азаматын сұңқарға, қас сұлуын аққуға, өз жігітін жапалаққа теңеген. Ертеде байлар мен патшалар, хандар бұлбұлды бағында сайратып, тотыны үйінде ұстаған, аққуды көлінде жүздіртіп, сұңқарды қолына қондырған. Құс барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі болған. Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы мен Құстарды қорғау одағы бірлесе отырып елімізде биылғы 2012 жыл құсына дала қыранын лайық деп ұйғарды. Дала қыранын тану аса қиындық тудырмайды, ол ел аумағында кеңінен таралған құс. Соңғы кезде саны азайып бара жатқан бұл құс ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген дала қыраны мемлекет қамқорлығына алынған. Құс табиғат байлығы. Көктемде құстар оңтүстіктен оралады. Құстар - достар дегендей адамдардың ең жақсы көретіні - құстар. Құстарсыз орманның сәні келіспейді. Құстардың дауысы орманға бір сиқырлы көрік беріп тұрады. Құс табиғатқа тек көрік беріп тұрады десек онымыз дұрыс болмас себебі, құстардың тіршілігі орман, бау - бақша зиянкестерді жойып, адамға көп көмегін тигізеді. Жануарлар мен аң - құстарда кез келген адам біле бермейтін немесе аңғармайтын өзіндік тіршіліктеріне тән қасиеттері, әдеттері мен қызықты әрі сирек кездесетін табиғи ерекше мінез - құлықтары болады. Бұл қызықты жайларды біздің ежелгі ата - бабаларымыз далада еңбек етіп жүріп, мал бағып немесе аң аулап жүріп анықтаған. Әрі қызықты, әрі тағылымды осындай жайлар өмірімізде әрқашанда қажет.