1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау басталады

Құжаттарды қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.
Ата-аналар баланың құжаттарын egov.kz сайты арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыра алады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір - 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.
Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)