1 қыркүйек демалыс күні үшін мұғалімдерге ақы төленеді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұғалімдерге демалыс күніндегі жұмысына ақы қалай төленетінін түсіндірді
Қазақстанда 1-ші қыркүйек Білім күні жексенбіге тұпа-тұс келуіне байланысты
Оқу-ағарту министрлігі мектеп мұғалімдеріне қосымша ақы төленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрліктің мәліметінше, педагогтердің еңбегіне ақы төлеуге қатысты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген және жұмыс істемеген уақытының есебін жүргізуге міндетті.
Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов
Ашық диалог» порталындағы блогында
мұғалімдерге 1 қыркүйек демалыс күніндегі жұмысына ақы қалай төленетінін түсіндірді.