Жаңалықтар

11 жасар жасөспірім қыз жыл бойы жинаған қаражатын Құлсарыға көмек ретінде берді

Құлсарыда су тасқынына байланысты зардап шеккен жандарды Кентаулық қыз қатты уайымдағанын айтады.

Бүгін таңертен орталық алаңға анасымен бірге келген 11 жасар Гауһар Шәймерден өзінің жыл бойы жинаған қаражатын халыққа табыстады. Ақша салынған көк қорапшаның жәнінде өзінің арнайы хаттары да бар.

“Құлсарыдан Кентауға сәлем” деп басталған хатта өзімен бірге сыныптастарының да көмек көрсетіп жатқанын айтады. 

Қазіргі таңда Кентау қаласында алаңға қойылған жүк көлігіне қала тұрғындары қажетті заттарды алып, азық-түлік пен қажетті тауарларды әкеліп жатыр.