Жаңалықтар

13 жасар ақтөбелік Кәрім Жетірудың денесі табылды

Аутизмге душар болған баланың із-түссіз кеткені туралы дабыл қағылғанына бірнеше күн болған, деп хабарлайды jambylinfo.kz

Іздестіру нәтижесінде  жасөспірімнің денесі бүгін Елек өзенінен табылды. Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, мәйіт сағат 9 жарымнан кейін табылған. Оны сүңгуірлер алып шыққан.  Кәрім әлі де сөйлей алмаған. Сондықтан көмек сұрауға қабілетсіз. 4 маусым күні кешке әжесінің үйінен шығып кеткен. Аутизмге шалдығуына байланысты ол ештеңеден қорықпайтын. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.