14 жастағы павлодарлық nail-индустрияда әлем чемпионы атанды

0 21

Павлодар облысының Екібастұз қаласында тұратын жасөспірім nail-индустрияда әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Арулат Мухаметқали Instagram-аккаунтында қуанышты жаңалығымен бөлісті. Тырнақ әрлеу сервисінің 14 жастағы шебері қолдау білдірген ата-анасына, тәлімгеріне және облыс әкімдігіне алғыс айтты.

«Сүйінші! Достар, құттықтап қойсаңыздар болады, өз категориямда nail-индустриясының Әлем чемпионы атандым. Қуаныштымын, ұйқысыз түндер бекерге кетпеді… Әрбір чемпионат өзімді шыңдауға және алға ұмтылуға мүмкіндік береді», — деп жазды жасөспірім.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов nail-стилисті жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыруды, жаңа мақсаттар мен жеңісті күндер тіледі.

Еске салайық, Арулат Мухаметқали – «Ертіс дарыны-2021» жастар сыйлығының иегері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.