Жаңалықтар

15 наурыз - Қайырымдылық жасау күні

The final spritzer

Наурызнама онкүндігінің бұл күні қайырымдылықты насихаттауға арналады

Наурыз – мейірім мен қайырымдылық мерекесі. 15 наурызда Қазақстан халқы «Қайырымдылық» күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет. 

Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды. Өйткені көшпенділер мәдениетінде өзара көмек, жанашырлық пен қамқорлық кез келген қиындықты жеңіп, мақсат-мұратқа жетудің тетігі болған.